
Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады
Аптаның ортасында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. Кей жерлерде найзағай ойнайды, бұршақ жауады, солтүстік пен шығыста – бұрқасын болады. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашын күтілмейді. Республикада кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл болады....