Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Жібек Құламбаева Үндістандағы турнирдің жеңімпазы атанды

Бұл жеңіс Жібек Құламбаевагың осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы.
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда өткен ITF W15 турнирінде жұптық сында үздік шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Финалдық кездесуде Жібек ресейлік Екатерина Яшинамен бірге Александра Купарев (Германия) / Севиль Юлдашева (Өзбекстан) жұбын сенімді түрде ұтты. Есеп: 6:1, 6:4.

Айта кетейік, бұл Жібектің осымен Үндістанда қатарынан жеңіп алған үшінші титулы. Ол бұған дейінгі екі аптада да осы елде өткен турнирлерде чемпион атанған болатын.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
04 сәуір 2026 ж. 75 0