Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде жеңіске жетті

Теннисші Аружан Сағындықова Үндістандағы турнирде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Аружан Сағындықова маусымды сәтті бастап, ITF W15 сериясындағы турнирде жұптық сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жарыс Үндістанның Ахмедабад қаласында өтті.

Финалда 21 жастағы қазақстандық спортшы ресейлік Мария Головинамен бірігіп, жапониялық Ману Кавамура / Хонока Кобаяши жұбын сенімді түрде жеңді.

Кездесу 6:3, 6:2 есебімен аяқталды. Бұл Аружанның мансабындағы ITF санатындағы бесінші титулы және жұптық сындағы үшінші жеңісі.

Фото: olympic.kz
05 қаңтар 2026 ж. 239 0