Қазақстандық теннисші Түркиядағы турнирдің финалына шықты
Анталияда өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалында қазақстандық спортшы қытайлықпен дуэтте жеңіске жетіп, финалға өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жарыстың жартылай финалында Жанель Рүстемова мен Сандуғаш Кенжібаева Аружан Сағындықова мен қытайлық Ю-Юн Ли дуэтімен кездесті.
Ойында Аружан мен Ли 6:1, 6:3 есебімен басым түсті. Финалда Қазақстан-Қытай дуэті ресейлік апалы-сіңлі Золотаревтермен жұдырықтаспақ.
Жекелей сында Аружан ¼ финалда сербиялық Наталья Сеничтен 6:3, 1:6, 5:7 есебімен жеңіліп, жартылай финалға шыға алмады