Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Англия кубогының жеңімпазы анықталды

Футболдан Англия кубогының жеңімпазы анықталды

Бүгін футболдан Англия кубогында лондондық «Арсенал» жеңімпаз атанды, деп хабарлайды  alashainasy.kz тілшісі.
 
Финалда ел астанасы - Лондон қаласының намысын қорғап жүрген «Арсенал» және «Челси» командалары кездесті. Ойын «Wembley» стадионында өтті.
Кездесу барысында қос команда да кубокты жеңіп алуға барын салды. Алдымен 5-минутта «Челси» ойыншысы Кристиан Пулишич мергендік көрсетті. 
Ал 28-минутта «Арсенал» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 28-минутта пенальтиден таразы басын теңестірді. Ол 67-минутта өз командасын алға шығарды. 
Ойында «Арсенал» қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, өзінің тарихында 14 мәрте кубокты төбесіне көтерді.
Айта кетейік, «Арсенал» Англия кубогын «Арсенал» жарыстың үшінші кезеңінен бастады. Алдымен «Лидс Юнайтедті» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, одан кейін «Борнмутты» 2:1, «Портсмутты» 2:0 есебімен жеңді. 
Алтыншы кезеңде «Шеффилд Юнайтедті» орта жолда қалдырса, жартылай финалда «Манчестер Ситиден» 2:0 есебімен басым түсті. 
Осылайша финалға жолдама алды. Финалға дейін «Челси» де бірнеше команданы орта жолда қалдырып кетті. Жарыстың үшінші сатысында «Ноттингем Форестті» 2:0, одан кейін «Халл Ситиді» 2:1, «Ливерпульді» 2:0 есебімен жеңді. 
Ал келесі кезекте «Лестер Ситиден» 1:0 есебімен басым түсті. Жартылай финалда «Манчестер Юнайтедті» 3:1 есебімен қапы қалдырды.
«Арсенал» Англия кубогында 13 дүркін чемпион атанды. Соңғысы - 2017 жылы. Сондай-ақ, 7 рет финалға шыққан болатын.
Ал «Челси» аталмыш жарыста 8 мәрте жеңімпаз болды. Кубокқа олар соңғы рет 2018 жылы қол жеткізді. 
Естеріңізге сала кетелік, 27 шілдеде Англия Премьер-лигасы мәресіне жетті. Онда «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізді.
Англия Премьер лигасының алдағы маусымы 12 қыркүйекте басталады. Ол 2021 жылдың 23 мамырында мәресіне жетеді.

03 тамыз 2020 ж. 778 0