Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футбол: Англия кубогы финалында сынға түсетін командалар анықталды

Футбол: Англия кубогы финалында сынға түсетін командалар анықталды

Футболдан Англия кубогы финалында сынға түсетін командалар анықталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Финалда ел астанасы - Лондон қаласының қос командасы «Арсенал» мен «Челси» кездеседі. Ойын 1 тамызда «Wembley» стадионында болады.
Жартылай финалда «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Сити» командасын 2:0 есебімен сүріндірді. Ойында лондондық клубтың шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг 19, 71 минуттарда қос голдың авторы атанды. Ол өз командасын финалға алып шықты. Ал бүгін «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Челси» командасына 1:3 есебімен жол берді. Кездесуде лондондық клуб сапынан Оливье Жиру 45, Мэйсон Маунт 46, Гарри Магуайр 74-минуттарда гол соқса, оған алаң иелері сапынан Бруну Фернандеш 85-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
«Арсенал» Англия кубогында 13 дүркін чемпион атанды. Соңғысы - 2017 жылы. Сондай-ақ, 7 рет финалға шыққан болатын.
Ал «Челси» аталмыш жарыста 8 мәрте жеңімпаз болды. Кубокқа олар соңғы рет 2018 жылы қол жеткізді.
20 шілде 2020 ж. 876 0