Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ливерпуль» жеті тур бұрын чемпион атанды

«Ливерпуль» жеті тур бұрын чемпион атанды

Англия Премьер-лигасында «Ливерпуль» командасы жеті тур бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
«Ливерпуль» басты қарсыласы - «Манчестер Сити» клубынан 23 ұпайға озып кеткен болатын. Соңғы турда «Ливерпуль» «Кристалл Пэлас» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Манчестер Сити» «Челсиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, биылғы чемпион анықталды.
Айта кетерлігі, «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты. Ол жеті тур бұрын алтын медаль тағдырын шешіп қойды. Бұдан бұрын 2001 жылы «Челси», 2018 жылы «Манчестер Сити» бес тур бұрын чемпион атанған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, «Ливерпуль» 30 жылдан кейін жеңімпаз тұғырынан көрініп тұр. Олар соңғы рет 1990 жылы чемпион атанған еді.
Бұдан бұрын футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді.
26 маусым 2020 ж. 672 0