Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Англияда футболшылар ойыннан уақытша шеттетілетін ереже шықты

Англияда футболшылар ойыннан уақытша шеттетілетін ереже шықты

Англия футбол федерациясы жаңа маусымнан бастап ойыншыларды матч кезінде уақытша алаңнан қуылатыны туралы шешім қабылдады. 2019/2020 жылғы маусымнан бастап Англияда футболшылар матч кезінде уақытша шететілетін болады. Бұл ереже 5-ші Англия чемпионатына дейін және әйелдер футболына қатысты. Футболшы төрешімен ерегіскені үшін сары қағаз алып, ойынды уақытша "айыпкер орындығында" тамашалайтын болады. Екі мәрте уақытша шеттетілген ойыншы үшінші рет ереже бұзса алаңнан матч соңына дейін қуылады.  Бұған дейін Ағылшын премьер-лигасындағы ең даулы ереже өзгерген болатын. Маусым қорытындысы бойынша екі команданың ұпайы тең болып қалса, бірінші доп айырмасына қарайтын. Жаңа маусымнан бастап, командалардың өзара өткізген ойындарына мән беріледі. Естеріңізде болса, 2011/2012 жылғы маусымда "Манчестер Сити", "Манчестер Юнайтед" командалары турнир кестесінде бірдей ұпай жинаған еді. Доп айырмасына байланысты "қалалықтар" чемпион атанып кеткен болатын. Өткен маусымда "Ливерпульден" 1 ұпайға озған "Манчестер Сити" чемпион атанған.
https://massaget.kz


30 шілде 2019 ж. 1 173 0