Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » "Тобылдың" Еуропа лигасындағы ойындары "Астана Аренада" өтеді

"Тобылдың" Еуропа лигасындағы ойындары "Астана Аренада" өтеді

"Тобыл" футбол клубы Еуропа лигасындағы ойындарын Қостанайда өткізбейді. Бұл туралы қостанайлық команданың ресми сайты хабарлады. - 15 маусымнан бастап Қостанайдың халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты жабылады. Жұмыстың болжамды мерзімі – екі жарым ай. Дәл осы уақытта Еуропа лигасының бірінші кезең матчтары өтетін болады. "Тобыл" ФК қаладағы халықаралық әуежайдың болмауына байланысты еурокубок ойындарында өнер көрсету үшін "Орталық"стадионын сертификаттаудан өткізе алмайды, - деп жазылған клубтың ресми мәлімдемесінде. Айта кетейік, биылғы Еуропа лигасында "Тобыл", "Қайрат" пен "Ордабасы" командалары ойнайды. Бірінші іріктеу кезеңі 18 маусымда басталады. Шымкенттің "Ордабасы" командасы да ойындарын өз алаңында өткізбейді. Жөндеу жұмыстарына байланысты Еуропа лигасындағы ойындарын Алматының орталық стадионында қабылдайды.
https://massaget.kz
04 маусым 2019 ж. 246 0