Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Украиналық шабуылшы Қазақстанда көш бастап тұр

Украиналық шабуылшы Қазақстанда көш бастап тұр

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 13-туры ақталды. Әзірге ең гол соққан ойыншы – Адеринсола Эсеола.

«Қайрат» шабуылшысы чемпионатта 10 гол соғып үлгерді. Ол соңғы турда «Ақтөбе» қақпасына дубль жасады. Екінші орында «Ордабасы» командасының бразилиялық ойыншысы - Жоао Пауло. Оның еншісінде 8 гол бар. Үздік үштікті Марин Томасов («Астана»), Тоқтар Жаңғылышбай («Ордабасы»), Азат Нұрғалиев («Тобыл») қорытындылап тұр. Үшеуі де алты голдан соққан.
Премьер-лиганың 13-турынан кейін мергендер:
10 – Эсеола («Қайрат») 
8 – Жоао Пауло («Ордабасы») 
6 – Томасов («Астана»), Жаңғылышбай («Ордабасы»), А.Нұрғалиев («Тобыл») 
5 – Ньюадзи, Лобжанидзе (екеуі де – «Тараз»), Аймбетов («Ақтөбе»), Зенев («Шахтёр»), Барсегян («Қайсар»), Эппель («Қайрат») 
Асистенттер:
8 – Томасов («Астана») 
7 – Тағыберген («Кайсар») 
6 – Кәкімов («Ақтөбе») 
5 – А.Нұрғалиев («Тобол») 
Гол+пас бойынша:
14 – Томасов («Астана», 6+8) 
12 – Жоао Пауло («Ордабасы», 8+4) 
11 – А.Нургалиев («Тобыл», 6+5) 
10 – Эсеола («Қайрат», 10+0), Тағыберген («Қайсар», 3+7) 
8 – Жаңғылышбай («Ордабасы», 6+2).
02 маусым 2019 ж. 995 0