Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа лигасы: "Челси" футболшылары "Арсеналды" ойсырата жеңіп кетті

Еуропа лигасы: "Челси" футболшылары "Арсеналды" ойсырата жеңіп кетті

Еуропа лигасының ағылшындық финалында «Челси» клубының футболшылары «Арсеналды» ойсырата жеңіп кетті.

Лондондық клубтардың ойыны Бакуде өтті. Ойын 4:1 есебімен аяқталды. Барлық гол екінші таймда салынды. Ойынның 49-минутында Оливье Жиру басымен гол соғып, есеп ашты.
Мұнан кейін 60-минутта Педро екінші голды, 65-минутта Эден Азар үшінші голды соқты.  
69-минутта «арсеналдық» Алекс Ивоби гол салып, есеп ашты. Алайда 72-минутта Азар қақпаға кірген доп санын 4-ке жеткізді. 
«Челси» үшін бұл Еуропа лигасындағы екінші жеңіс болды. Олар аталған додада 2013 жылы жеңіске жетіп, португалиялық «Бенфиктен» басым түскен еді. 
Ал «Арсенал» Еуропа лигасының финалында екінші рет жеңіліп отыр.
30 мамыр 2019 ж. 682 0