Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » УЕФА Суперкубогы Алматыда өтуі мүмкін

УЕФА Суперкубогы Алматыда өтуі мүмкін

    2020 жылы Алматыда УЕФА Суперкубогы өтуі мүмкін. Оңтүстік астанамыздың «Орталық» стадионы Еуропаның суперматчын өткізуден үміткер ареналардың қатарына кірді. УЕФА ресми сайты таратқан ақпаратқа сүйенсек, Алматыдан бөлек, УЕФА суперкубогын өткізуге тағы сегіз шаһар өтініш беріпті. Олар: «Ұлттық стадион» (Тирана, Албания), «Динамо» (Минск, Беларусь), «Самми Офер» (Израиль, Хайфа), «Зимбру» (Кишинев, Молдова), «Драгау» (Порту, Португалия), «Уиндзор Парк» (Белфаст, Северная Ирландия), «Олимпийский» (Хельсинки, Финляндия) және «Стад-де-Нис» (Ницца, Франция).  Жеңімпаз стадион осы жылдың мамыр айында анықталады. Бір қызығы, ереже бойынша, Суперкубок ойынын өткізуге «Еуро-2020» финалдық ойындарын өткізетін стадиондар үміткер бола алмаған. Жалпы, УЕФА Суперкубогы 2012 жылдан бері Еуропаның әр қаласында өтіп келеді. Соңғы бес жылда Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары арасындағы матч Чехияның Прагасында, Уэльстің Кардиффінде, Грузияның Тбилиси, Норвегияның Тронхейм және Македонияның Скопье қалаларында өткен.
    2018 жылы УЕФА Суперкубогын Эстонияның Таллині, 2019 жылы Түркияның Стамбулы қабылдайды. Айта кетейік, Қазақстан бұл супер матчты өткізуге бірінші рет өтініш білдіріп отырған жоқ. 2019 жылғы Суперкубок ойынын өткізуге еліміздің атынан Астананың «Астана-Арена» стадионы үміткер болған. Алайда, УЕФА Түркияның Стамбулын таңдаған болатын.  Ал Алматының Орталық стадионы 1958 жылы салынып, 2011 жылы толық қайта жөнде жұмыстарынан өткен. Сиымдылығы - 23 804 көрермен. Алаң көлемі – 105х68 м.
16 қаңтар 2018 ж. 1 334 0