Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионатының соңғы ойындарында кездесетін құрамалар анықталды

Әлем чемпионатының соңғы ойындарында кездесетін құрамалар анықталды

Бұл туралы Lenta.ru-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
H тобының үшінші турының ойындары 28 маусымда Ресейдің Самара қаласында өтті. Сол күнгі Колумбия мен Сенегал арасындағы кездесу 1: 0 есебімен аяқталды.
Соңғы болып “G” тобындағы ойындар өтті. Бұл топта соңғы ойынға Бельгия мен Англия құрамалары екі турдан кейін-ақ жолдама алды. Соңғы турда бірінші және екінші орындарды өзара бөлісті. 51 минутта Аднан Янузайдың тепкен добы Бельгия құрамасына жеңіс сыйлады. Нәтижесінде 1/8 финалда Англия Колумбиямен, Бельгия Жапониямен кездесетін болды.
Осылайша, Колумбия құрамасы Н тобында 6, Жапония – 4, Сенегал – 4, Польша – 3 ұпай жинады.
Жапония командасында сары қағаздың саны аз болғандықтан Сенегалдан басым түсті. Төрешілер азиялық құраманың ойыншыларына 3 раунд бойынша 4 , ал африкалықтарға – 6 ескерту жасаған. Сол себептен, поляктардан жеңіліп қалған жапондықтар сары қағаз көрсеткіші бойынша Сенегал құрамасынан басым түсіп, сан соқтырып кетті.
Футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңі осындай нәтижемен аяқталды. 1/8 финалға шыққан 16 құрама анықталып, қарсыластары белгілі болды.
Соңғы ойындарға Колумбия мен Жапония құрамаларынан басқа Ресей, Уругвай, Испания, Португалия, Франция, Дания, Хорватия, Аргентина, Бразилия, Швейцария, Швеция, Мексика, Англия және Бельгия командалары да 2018 жылғы Әлем кубогының 1/8 финалына шықты.
2018 жылғы әлем чемпионаты Ресейдің 11 қаласында 12 стадионда өтуде, сондай-ақ әлем кубогы 15 шілдеде «Лужники» матчында аяқталады.
Stan.kz 
29 маусым 2018 ж. 1 214 0