Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Әлем елдерінің таңдаулы даналық сөздері

Әлем елдерінің таңдаулы даналық сөздері



» Тасты тесетін судың күші емес, тамшылардың тұрақтылығы. (Бразилия) 

» Тұман желпуішпен сейілмейді. (Жапония) 

» Атақ – қабілеттің көлеңкесі. (Англия) 

» Адам сыртқы көрінісімен қарсы алынады, ішкі дүниесімен шығарып салынады (Моңғолия) 

» Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі. (Қытай) 

» Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады. (АҚШ) 

» Шынайы махаббат айрылысумен ұмытылмайды. (Бельгия) 

» Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір-бірін жақсы көреді. (Уганда) 

» Өзгені айыптағаныңдай өзіңді айыпта, өзіңді кешіргеніңдей басқаларды кешір. (Қытай) 

» Адам ең қатты сүйіктісін, ен жақсы түрде жанұясын, ең ұзақ анасын жақсы көреді. (Ирландия) 

» Өтірік жылдам шабады, шындық қадам-қадам басады, бірақ сонда да уақытында жетіп келеді. (Норвегия)
reactor.inform.kz​​​
14 мамыр 2018 ж. 1 466 0