Ауданда тарихи ескерткіш жөндеуден өткізілуде

1921 жылы сол кездегі Халық Комиссарлар Советінің Председателі аралдықтардан көмек сұрап хат жазған болатын. Бұл жағдайға бей-жай қарамаған балықшылар қауымы біркісідей атсалысып, миллиондаған халықты аман сақтауға күш салды.
Тарихи оқиғаның 100 жылдығы аясында Арал қаласында Орталық алаңдағы үндеу хат орналасқан ескерткіш тақтаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев қайта жаңғыртылып жатқан тарихи ескерткіш басында болып, жұмыс барысын бақылады. Құрылыс жұмыстарына куә болған аудан басшысы ескерткіштің тарихи маңызына тоқталып, ата-бабаларымыздың ерен ерлігін дәріптейтін оқиғаны жас ұрпаққа ұдайы насихаттау қажеттігін айтты.


