Биыл Аралдағы тарихи оқиғаға 100 жыл

– Өздеріңізге мәлім, биылғы жыл «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» аталып өтілетін айшықты жыл. Ата - бабамыз осы күндерді сан ғасырлар бойы армандады. Жалпы, тәуелсіздік – қастерлі ұғым. Біздің ел үшін бұдан асқан мерейлі, ұлық мереке жоқ деп есептеймін. Сондай-ақ, 2021 жыл аудан халқы үшін айтулы жыл болмақ. Ерен ерліктің үлгісін көрсетіп, көмек қолын созып, ашыққан Поволжье тұрғындарына 14 вагон балық жөнелткен бабаларымыздың қайырымды ісіне 100 жыл толып отыр. Бұл шараны да атап өту жоспарымызда бар, - деді аудан басшысы.
1921 жылы пролетариат көсемі В. И. Ленин аралдықтардан көмек сұрап хат жазған болатын. Сол кездері Арал совдепінің төрағалығына сайланған Төлеген Медетбаев В. Лениннің Балтық жағалауындағы аштықтан ісінген кемпір-шалға, күйзелген еңбеккерлерге, қырылып кетуі мүмкін 7 млн. балаға жомарт көмегін сұраған үндеу хатына 14 вагон балықпен жауап беріп, тұрмысы тұралаған елді аштықтан азат қылған.