Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Индонезияда Семеру жанартауы бірнеше рет атқылады

Индонезияда Семеру жанартауы бірнеше рет атқылады

4 сәуірде Индонезияның Ява аралының шығысында орналасқан Семеру жанартауы төрт рет атқылап, күлді 1000 метрге дейін көтерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Индонезияның Antara ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Явадағы Лумаджанг пен Маланг аудандарының шекарасында орналасқан Семеру жанартауы қайтадан белсенділік танытқан.

Семеруді бақылау бекетінің мәліметінше, жанартау қысқа уақыт ішінде төрт рет атқылап, күл бағанын 600-ден 1000 метрге дейін көтерген.

Сондай-ақ атқылау кезінде қызған күл, газ және тау жыныстарының сынықтарынан тұратын ұзындығы 3,5 шақырым пирокластикалық ағын тіркелген. Бұған қоса жанартаудың шыңындағы кратерден ара-тұра тастар құлағаны байқалған.

Индонезияның жанартау қаупін ескерту жүйесі бойынша Семеруге қауіптіліктің үшінші деңгейі берілген. Осыған байланысты оның айналасындағы 5 шақырым радиуста тас ұшу қаупіне байланысты кез келген қызметке тыйым салынған.

Еске салсақ, Бромо–Тенггер–Семеру ұлттық паркінің аумағында орналасқан Семеру Ява аралындағы ең белсенді жанартаулардың бірі саналады.

Фото: baq.kz
05 сәуір 2026 ж. 106 0