Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Қызылордада сүзбе мен жұмыртқа арзандады

Қызылордада сүзбе мен жұмыртқа арзандады

Аймақта көкөніс пен жеміс-жидек өнімдерінің бағаларының өсуі байқалуда. Мәселен, бір апта ішінде төрт өнімнің бағасы жоғарылады. Атап айтқанда, сары май, бірінші сортты ұн, картоп, сәбіз. Ал сүзбе және жұмыртқаның құны арзандады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Тлеулеева баяндады.

Бүгінде картоп, сәбіз бағасының өсімі өткен жылғы қордың азаюынан және маусымаралық кезеңге байланысты болып отыр. Алайда толығымен халықты қамтамасыз ету мақсатында оңтүстік өңірлерден және көршілес Өзбекстан республикасынан жеткізілуде.
«Картоп, сәбіздің ерте пісетін сорттары тез бұзылуға бейім болғандықтан көтерме-бөлшек сауда өткізушілері шығындарын жауып отыру үшін неғұрлым жоғары бағада сатады. Бұл ретте тұрақтандыру қорына немесе басқа да қоймаларға үлкен көлемде жаңа піскен өнім көлемдерін жеткізіп, сақтау мүмкін емес. Жалпы картоп және көкөніс бағаларының көктем және ерте жазда күрт көтерілуі жылда байқалатын құбылыс. Мұндай жағдай бүкіл республикада орын алуда», – деді Айнұр Тлеулеева.
Сондай-ақ, облыста 29 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді. Оның 2-еуі ет бағытында. Бұған қоса, биыл тағы да 10 дүкен ашылады.
«Бүгінде аймақта «айналым схемасы» арқылы 4 кәсіпкерге қаражат бөлінген болатын. Дегенмен картоп пен сәбіздің қымбаттауына байланысты өздеріне міндеттелген өнімдерді тиісті көлемде жеткізе алмады. Сондықтан шартты бұзу жұмыстары жүргізілуде. Бірақ орнына екі кәсіпкер кіргізіліп, олар Сарығаштан сәбіз бен картоптың бірінші партиясын әкелді», – деді «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма басшысының орынбасары Талғат Жақыпбаев.«Өңірде С1 санатты тауық жұмыртқасының 10 данасы 430 теңгеге, күнбағыс майының 1 литрі 632 теңге мөлшерде шекті бағасы бекітілген. Сонымен қатар, қырыққабаттың келісін 85 теңгеден белгілеу бойынша комиссия отырысы өткізіліп, қаулы әзірленуде», – деді облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев.
kyzylorda-news.kz
---
17 маусым 2021 ж. 781 0