Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Аралды құтқару әлем назарында

Аралды құтқару әлем назарында

Осы аптада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана халықаралық форумының пленарлық отырысына қатысып, әлемнің әр түкпірінен келген қадірлі қонақтарға алдымен құрметі мен ризашылығын білдірді. Сондай-ақ халықаралық маңызға ие бұл форумның негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып өтті. Алда күтіп тұрған сын-қатерлерді өзара ынтымақтастық диалог арқылы еңсеруге шақырған Мемлекет басшысы апат аймағы саналған Арал мәселесін де тілге тиек етті.
– Аймақтағы екі үлкен өзен Сырдария мен Әмудариядағы су деңгейі 2050 жылға қарай 15 пайызға түседі. Біз аймақтағы экологиялық апаттың алдын алу үшін Халықаралық Аралды қорғау қорын қолдауға көбірек қаржы бөлуге шақырамыз.
Су мен климаттың өзгеру мәселесі өзара тығыз байланысты. Орталық Азия – су қауіпсіздігін сақтау тығыз әріптестік және бірлескен тиімді шараларды жүзеге асыру арқылы ғана шешілетін аймақ.
Аймақтағы климат және өзге де мәселелерді талқылау үшін мен Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды және БҰҰ секілді халықаралық ұйымдарды тарта отырып, 2026 жылы Қазақстанда Аймақтық климаттық саммит өткізуді ұсынамын.
Еліміз «жасыл» экономиканың мол мүмкіндіктерін ұсынып, қайта қалпына келтірілетін энергетиканың орталығы атана алар еді. Алайда уақыт біздің жағымызда емес. Көмірді аз тұтыну және «жасыл» экономикаға қажетті жылдамдықпен көшу үшін бізге ресурстар мен серіктестік байланыс қажет, – деді Президент.

"Толқын" ақпарат
---
09 маусым 2023 ж. 150 0