Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Қазақстанда бала ең көп туатын аймақтар анықталды

Қазақстанда бала ең көп туатын аймақтар анықталды

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда ең көп бала туылатын өңірлерді атады.
Қазақстанда бала ең көп туатын аймақтар анықталды

Бюроның мәліметінше, 2023 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша халық саны 19 899 377 болған, оның ішінде 12 317 671 адам – қала, 7 581 706 адам – ауыл тұрғындары, 48,8% – ерлер, 51,2% – әйелдер.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 189,5 мың бала дүниеге келсе, оның 98 мыңы ұл, 91,5 мыңы – қыз. Туу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 19,20 туғанды құрады.

Ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1 000 тұрғынға шаққанда 25,97 адам), Түркістан (25,46) облыстарында және Шымкент қаласында (24,70) тіркелді.

Көрсетілген кезеңде қайтыс болғандар саны 63,6 мың адамды құрады, ал 1 000 адамға шаққандағы өлім-жітім коэффициенті 6,44 адам. Осылайша, жарты жылда халықтың табиғи өсімі 125,9 мың адамды құрады.

Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан (1 000 тұрғынға 11,07), Солтүстік Қазақстан (11,06) және Қостанай облыстарында (10,04) байқалды, бұл осы өңірлер халқының жас құрылымымен байланысты.

Биылғы алғашқы алты ай ішінде 1 жасқа дейінгі 1 454 нәресте шетінеп, 1 000 туылғанға шаққандағы нәресте өлімінің коэффициенті 7,67 болды.

aikyn.kz
---
11 тамыз 2023 ж. 108 0