Облысқа 138 мың тонна көмір жеткізілген

- 2024-2025 жылғы жылумен қамту нысандарын жаңғыртуға тиісті қаржы қаралды. Аталған қаржыға Қызылорда жылу электр орталығының «Bono еnergy» маркалы үш бу қазандығын жаңғырту, 2 газотурбиналық қондырғы, 11 қазандыққа күрделі жөндеу және 1 турбина мен 15 қазандыққа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 9,3 шақырым жылу желілері жаңғыртылды. Нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 3 пайызға төмендеді. Газдандыру бойынша айта кетсек, өткен жылы жоспарланған 11 елді мекеннің газдандыру жұмыстары толығымен аяқталып, табиғи газға қосылды. Осылайша 2024 жылдың қорытындысы бойынша облыстың газбен қамту деңгейін 78 пайызға, газдандырылған елді мекен саны 46-ға жеткізілді. 2025 жылдың басынан бері 4 елді мекен газ жүйесіне қосылды. Сонымен қатар, жыл соңына дейін 5 елді мекенді газдандырып, газбен қамту деңгейін 83 пайызға өсіру жоспарлануда, – деді Бауыржан Нұрланұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникацилар қызметі