Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Биыл елде астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Биыл елде астық экспорты рекордтық көрсеткішке жетті

Елімізде астық экспорты 60%-ға артық, 9 млн тонна көрсеткішті көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.


Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл былтырғы жылдың баламалы кезеңіндегі қарқыннан жоғары.

Елімізде астық экспорты 60%-ға артық, 9 млн тонна көрсеткішке жетті. Осылайша, соңғы 13 жылдағы ең жоғары деңгейді көрсетті. 2025 жылдың алты айында Қазақстанда транспорт пен сауда саласының қарқынды дамуы байқалды, бұл елдің нақты секторындағы өсімнің жалғасы. Атап айтқанда, транспорт және логистика саласы астық тасымалының ұлғаюына байланысты серпінді дамып келеді. Экспорттағы көшбасшы бағыттар – Өзбекстан, Тәжікстан, Иран және Әзербайжан, - деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ негізгі драйверлер – көлік пен құрылыс саласы екеніне тоқталды.

Өсім болашақ экономикасын қалыптастыратын салаларда байқалады: білім беру 3,5 есеге, қаржы және сақтандыру қызметі – 86,2%-ға, өңдеу өнеркәсібі - 48,9%-ға, Денсаулық сақтау - 32,8%-ға және көлік - 16,2%-ға өсті, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Сонымен қатар биыл қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша сыртқы сауда тауар айналымы $53,5 млрд-ты құрады. Экспорт $29,8 млрд-қа жетті, бұл ретте өңделген тауарларды шетелге сату $10,2 млрд-ты құрады. Импорт 2,2%-ға артып, $23,8 млрд-қа жеткен.

Еске салайық, бүгінгі Үкімет отырысындағы жиында 2025 жылғы қаңтар–маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері талқыланады.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшылығының қатысуымен баспасөз конференциясы ұйымдастырылады. Үкімет отырысы мен баспасөз мәслихатының тікелей көрсетілімі BAQ.KZ сайтында жүргізіледі.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
---
15 шілде 2025 ж. 67 0