Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Ауыл ақсақалы маңызды сәтте белсенділік танытты

Ауыл ақсақалы маңызды сәтте белсенділік танытты

Бүгін №37 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасағандардың бірі — Толыбай батыр көшесі, 1-үйдің тұрғыны Есмамбетов Қуандық ақсақал референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Қарияға ерекше құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.
Еліміздің болашағына бейжай қарамай, белсенділік танытқан ақсақалдың бұл қадамы — кейінгі ұрпаққа өнеге. Ел тағдырына қатысты маңызды сәтте әр азаматтың дауысы маңызды екенін тағы бір мәрте көрсетті.
Әр дауыс – ел болашағы үшін маңызды!

---
15 наурыз 2026 ж. 46 0