Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 120 рет дем алу 21 доллар

120 рет дем алу 21 доллар

Енді кез келген адам Альпі таулары ауасымен дем ала алады. Швейцарияда әдеттен тыс стартап іске қосылды.  Swiss Alpine Air компаниясы таудың саф ауасын ғаламторда онлайн режимінде сатуды бастады деп хабарлайды massaget.kz.
“Жыл сайын туристер Швейцарияның Альпі тауларының пейзажын тамашалап, таза тау ауасымен дем алады.  Біз таудағы швейцариялық шырын, шоколад және ірімшіктерді экспорттап жатырмыз. Ендеше таза ауаны неге экспортқа шығармасқа? Бұл әлемдегі ең саф ауа”, - делінген компанияның сайтында.

Сайтдан Альпі тауының 7 литр ауасы құйылған баллонды сатып алуға болады. Бұл мөлшер шамамен 120 рет дем алуға немесе 10 минутқа жетеді. Бір баллон 21 доллар тұрады. Бұл бағаға  жеке маска да қосылған.
  Қазіргі уақытта швейцариялықтар өз жобалары үшін инвесторлар іздеудеп жатыр. Компанияның сайтында хабарланғандай, тау ауасын негізгі сатып алушылар ластану проблемаларына жиі кезігетін  қытайлар болуы мүмкін.
Айта кету керек, бұл қытайларға ауа ұсыну арқылы ақша табудың алғашқы жобасы емес. 2015 жылы Канаданың Vitality Air компаниясы Канада тауларынан жиналған ауамен сауда жасай бастаған. Төрт күннің ішінде 500 баллонның алғашқы партиясы сатылып кеткен. Vitality Air компаниясының бизнесі әлі де сәтті жалғасып жатыр.
Тарихтан тағы бір мысал: 1929 жылы кеңес жазушысы Александр Беляев “Ауа саудагері” атты көркем романын жарыққа шығарды. Романға сәйкес, британдық бизнесмен Бэйли Якутистандағы өзінің құпия зауытында атмосфераны қысып ауа жинай бастайды да, әлемге апат келгенде жинаған ауасын сатады. 


13 қараша 2019 ж. 978 0