Қазақстандықтар 5 мың теңгеге ұшаққа билет сатып алатын болды
"FlyArystan" бюджеттік әуе компаниясы кейбір бағыттарға билет құнын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Аталған компанияның Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, ұшу ұзақтығы 1 сағатты құрайтын Тараз бен Алматы арасындағы рейске билетті бар болғаны 5 мың теңгеге сатып алуға болады.
"Жақындарыңызға енді әр апта сайын ұшуға болады. Бір жақты билет құны небәрі 4 999 теңгеден басталады", - делінген жазбада. Сондай-ақ, Орал мен Алматы бағытындағы рейске билет құны 12 999 теңгеден басталатындығын хабарланды.
Айта кетейік, билеттерді flyarystan.com сайтында арзанырақ сатып алуға болады.










