Қазақстандық пойыздарда әйелдерге арналған купе пайда болуы мүмкін
Әйелдерге арналған арнайы купенің болуы әлемдік тәжірибеде бар. Жуырда мұндай купелер біздің де елімізде пайда болуы мүмкін.Қазақстанда әйелдерге ғана арналған купеге билет сатып алу мүмкіндігі пайда болмақ. Мұндай мүмкіндікті заң шығарушылар транспорт мәселесі жобасы аясында қарастырмақ.
Мәжіліс отырысы кезінде депутаттар мұндай купелердің әлемдік тәжірибеде қолданылып келе жатқанын атап өтті.
ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы Әсет Асаубаевтың айтуынша, бұл норма заң жобасы аясында тасымалдаушы компаниялармен ақылдаса отырып қаралып жатыр.
"Билет сату бойынша жаңа жүйе аясында біз әйелдерге жеке купе таңдау мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Купеде ешнәрсе өзгермейді, тек әйелдер таңдау құқығына ие болады", — деді комитет төрағасы.
Мұнымен қатар, заң шығарушылар билет сатып алып, кейін оны жекеменшік кассаларында қымбаттатып сататын азаматтарға қатысты әкімшілік жауапкершілік енгізбек. Осы мақсатпен ҚТЖ компаниясы билет сататын кассалар санын азайтып, орнына автоматтанырылған жүйе енгізбек.
sputniknews.kz