Қазақстанда 15 мың шақырым жол ақылы болуы мүмкін

Үкімет отырысында Жеңіс Қасымбек еліміздегі «Жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) ақы төлеу жүйесін енгізу және пайдалану» Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы туралы сөз қозғады.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктес бастады. Ол 3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады», - деді ол.
Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет ресурстарда және баспасөзде жарияланған.
«Хабарлама шыққаннан кейін 60 күн ішінде әлеуетті жеткізушілер қызығушылық білдіріп, баламалы ұсыныстар берсе, жеке әріптесті таңдау конкурс арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.
inform.kz
inform.kz