СЫР ӨҢІРІНДЕ «SMART CITY» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛМАҚ

Сондай-ақ, облыста қалдықтарды өртеу және электр энергиясының белгілі мөлшерін шығаруды көздейтін екі міндетке негізделген қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар «Smart city" (ақылды қала) жобасын жүзеге асыру үшін әлемге танымал «Huawei» компаниясымен өзара әріптестік туралы меморандум жасалды. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізіндегі алғашқы жобалар биыл іске асырылады, оның ішінде Сырдарияның сол жағалауында жүзеге асырылатын бірнеше жоба бар.
kyzylorda-news.kz