Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНДАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ

Өрт – тілсіз жау! Жылу беру маусымында өрттер саны артатыны баршамызға белгілі. 2017 жылы орын алған өрттердің басым көпшілігі тұрғын үйлер үлесінде. Олардың шығу салдарын саралайтын болсақ, 60%-ға жуығы жылы­ту пешінің құрылысы кезіндегі өрескел қателіктер мен пайдалану ережелерінің сақталмауынан болып отыр. Ал, қалған бөлігі тұрғын үйдегі электр жүйесінің ақаулары, газ ошағын пайдаланудағы аңғалдықтар, ашық отты пай­далану, балалардың отпен ойнауы салдарынан орын алған өрттерге тиесілі. Жылу беру маусымында тағы да аса мән беретін жағдай, қыс қаһарына мініп, күн суытқанда үйдегі жылыту пешін барынша қыздырып жағатынымыз белгілі. Осы орай­ да, жылыту пешінің ақауы, яғни, пеш құрылысы кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауы немесе пеш құрылысы көнеріп, уақытысында тазартылмауы–өрттің шығуына немесе көмірқышқыл газымен улануға негіз бола­ды. Сондықтан, баспанамыздың қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамай, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтайық! Өрт қауіпсіздігіне байланысты сұрақтар бойынша 2-1597, 2-22-69 нөмірлеріне хабарласуға болады. Өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын орындауға, сақтауға әрбір аза­ мат міндетті!

А. СЫДЫҚОВ,
аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері,
азаматтық қорғау капитаны.
23 қаңтар 2018 ж. 3 859 0