Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қандай өзгерістер болуы мүмкін

Қазіргі кезде банк іздестіріп жатқан стратегиялық серіктес осы бағыттағы жұмысты жақсартуға көмектеседі. Мұндай ұйым ретінде біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің ары қарайғы сапалы дамуын қамтамасыз ететін, халықаралық тәжірибесі бар, осы салада маманданған, тұрақты қаржы институтын көріп отырмыз. Бұл мәміледен бірінші кезекте клиенттеріміз ұтады, себебі олар технологиялық тұрғыдан дамыған қызметті алып, ең тиімді деген өнімдерді пайдаланатын болады»,-деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова. Ол несиелендіру мөлшерлемелеріне қатысты қазіргі қолданыстағы барлық жеңілдетілген шарттар толық көлемде өз күшінде қалатынын атап өтті. Айта кету керек, инвестордың келуі банк салымшыларына берілетін мемлекеттік сыйлықақыға еш ықпал етпейді.
Мемлекеттік сыйлықақыны төлеу нормалары «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» заңда бекітілген. Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі негізгі оператор ретінде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға қатысуын жалғастырады. Жоба аясында өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 8 672 пәтерден тұратын 145 үй пайдалануға берілген болатын. Осы жылы 7 981 пәтерден тұратын 95 үй мен Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстарындағы 414 жеке коттедж өз иелерін табады деп жоспарланып отыр.