Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүл шоғын қалай таңдау қажет?

Гүл шоғын қалай таңдау қажет?

Өмірде қуанышты жағдайлар мен мерекелер гүлсіз өтпейтіні белгілі. Олар тек қана мереке екенін білдіріп қана қоймай, көңіл-күй сыйлайды, іс-шараның тақырыбын ашып, оған өң бере түседі. Гүлдің сан алуандығынан кейде қажетті гүл шоғын таңдау және оны дер кезінде сатып алу мүмкін бола бермей жатады. Алайда сарапшылардың кеңесі мен гүлді жеткізу қызметі бұл мәселені шешуге көмекке келетіні анық. Бүгінгі мақаламызда біз білуге қажетті гүл композициясы және гүл шоқтары туралы әңгімелейтін боламыз.



Гүл шоқтарының және гүлді композициялардың түрі
Дөңгелек пішіндегі гүл шоғы. Бұл кең тараған әрі классикалық үлгі болып табылады, кез келген шара мен киімге сән беріп тұрады. Гүлдер бір-біріне тығыз, спираль тәріздес орналастырылады, нәтижесінде шеңбер түзейді. Композиция көбіне букетница портында жинақталып, артынан декорлар пайдаланылады. Салмағы жағынан мұндай гүл шоқтары анағұрлым ауырлау келеді.

Каскадты гүл шоғы.
Каскадты гүл шоғын көбіне үйлену шараларында пайдаланады. Оны күнделікті сыйлық ретінде көп пайдаланбайды. Сабағы қысқа гүлдер негізге орналастырылып, ұзындары астынан орын алып, каскад формасын құрайды. Тағы бір ерекшелігі – су бұрқақ гүл шоғы. Оны жасау үшін ұзын гүл сабақтарын үстінен, ал кішкентайларын астынан орнатып орайды.
Каскадты гүл шоғы көбіне бойы ұзын қыздарға жарасып тұрады. Ақша жағына келгенде, қаражат жете бермейді, алайда оның әдемілігі осы бағаға сәйкес деуге болады.

Шар тәрізді гүл шоғы. 
Бұл шар формасындағы гүл шоғы бүгінгі күні танымалдылығы жоғары композиция болып есептеледі. Оны лента түріндегі әшекеймен безендіреді, бұл әрі тұтқыш рөлін ойнайды. Гүлдер арқылы қанық акценттер мен контрастар жасалады.
Шар формасындағы гүл шоғы бойы аласа қыздарға жарасымды. Өзімен бірге алып жүруге жеңіл.

Еркін пішінді гүл шоғы. 
Үлкен шығармашылықты қажет етпейтін қарапайым гүл шоғы. Гүлдер жай ғана ерікті түрде салынып, оралады.

Жәшіктегі гүл шоғы. 
Ең танымал трендтердің бірі – жәшіктегі гүл шоғы. Олар өте әдемі көрінеді және романтикалық әсерге ие. Жәшік түрлі пішінде болуы мүмкін, мәселен жүрек пішінде, цилиндр, төрт бұрышты, т.б. Көбіне көп жәшіктегі гүлдерді романтикалық құттықтау хаттары мен тәттілер толықтыра түседі.
 
Кімге қандай гүл сыйлаған дұрыс?
Гүлді таңдай отырып, оны алатын адамның нені қалайтындығын ескерген де орынды. Ал егер ол кісі туралы ештеңе білмесеңіз, гүл сыйлау этикетін ғана ұстанғаныңыз абзал.
- Жас қыздар мен келіншектерге әдемі және қанық түсті гүлдер сыйға тартылады: раушан, пион, хризантема немесе гербер және де қызыл, алқызыл, ақ түсті герберлер.
- Балаларға шағын ғана дөңгеленген гүл шоғы немесе жәшіктегі тәтті, ойыншық қосылған гүлдер сыйланады.
- Орхидеяны негізінен жасы ұлғайған әйелдерге сыйлаған дұрыс.
- Ер адамдарға бір түсті ұзын сабақты гүлдерді сыйлаған жөн.
- Қарт адамдарға лалагүлді немесе каллаларды берудің қажеті шамалы, бұл түс олар үшін қаралы түс ұғымын қалыптастыруы әбден мүмкін.

Жақсы гүл шоғын қалай таңдау керек?
Гүл шоғын таңдау бойынша күрделі емес кеңестердің өздеріңізге ұсынамыз:
1. Жартылай ашылған гүлдерді таңдауға тырысыңыз.
2. Жапырақтары мен сабақтары қараймаған болуы тиіс. Түрі үлпілдек болып тұрғаны абзал.
3. Кесілген жері сарғаймауы керек және бүлінбеуі керек.
4. Гүлдерде ақ түс пен қоңыздар болмауы керек.
 Гүлдерді арнайы сақтау шаралары ескерілетін гүл сататын орталық дүкендерден сатып алған орынды.

Дереккөз: http://www.menslife.com
22 сәуір 2018 ж. 2 359 0