Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Хош иіс сиқыры: әтірді қалай таңдау қажет?

Хош иіс сиқыры: әтірді қалай таңдау қажет?

Әтір әйел затының келбетін көп жағдайда анықтап береді. Тек қана сұлбасын емес, өмірді қабылдауын да көрсетіп жатады. Сондықтан, әтірді сатып ала отырып, біз тек қана тауар мен оның маркасына ақша жұмсамаймыз, біз оны өміріміздің арманына айналдырамыз. Өз әтіріңді қалай таңдау керек, оларды қалай шашу керек және олардың сақталу мерзімі туралы ақпарат ала аласыздар.
Ғалымдар иістерді қабылдау сексуалдылықпен және эмоциямен тығыз байланысты екенін дәлелдеді - оларға мидың бір бөлігі жауапты. Бұл жерде таң қаларлық ештеңе жоқ - ежелгі дәуірден бастап, адам да басқа жануарлар сияқты, өз жұбын иісімен таңдаған.

Әрбір адамның терісі өзінің бірегей иістері арқылы ерекшеленеді, бұған гендік тұрғыда негіз қаланған. Әтір дәл осы терімен әрекеттесіп, нәтижесінде қайталанбас ғажап иіс берері анық. Біз біреудің әтірінің иісін теріге сіңгеннен кейін ғана сеземіз, ал оның химиялық құрамы мен температурасы көптеген факторларға байланысты болады. Осылайша, хош иіс біз қоршаған ортамен араласқан кездегі сиқырлы кодымыз болып табылады. Кей кездері ешқандай себепсіз таныс емес адам мүлде тартымсыз көрініп, болмаса енді бірі жағымды әсер қалдырып жатады. Ғалымдардың айтуы бойынша бар мәселе тері арқылы бөлініп шығатын хош иіс байланыстырғыш феромондарға тікелей байланысты. Бұл қоспаларда аттрактанттар кездеседі, яғни ол қарама-қарсы жыныстыны өзіне еліктіре түседі. Парфюмерия саласында дәл осы заттардың синтетикалық және табиғи баламаларын пайдаланады. Ерте кезден қолданыста бар танымал аттрактант мускус екені белгілі.

Таң қалдыру және еліктету механизміне көп жағдайда аштық сезімі де ерекше үлесін қосып жатады. Көбімізде жаңа піскен нанның иісі, болмаса балғын жемістердің хош иісі еліктіретіні белгілі. Сондықтан да ер адамдар арасында ванильді, жемісті хош иістер кең танымалдылыққа ие болып жатады. «Тәтті» әйелдің хош иісі айналасындағыларды да еліктірмей қоймайтыны анық.

Заманауи әтірлер
Жаңа әтірлер классикалық әтірлерден қазіргі таңдағы парфюмериядағы синтезделген иістерге байланысты ерекшеленіп жатады. Заманауи техника әтірлерде тек қана гүл мен жемістің иісін ғана емес, тас жолдың, құмның, резинаның, тіпті шаңның да иісін сездіре алатындай дәрежеге жетіп отыр. Парфюмерияда 3 мыңнан аса түрлі хош иіс бар және де ол жыл сайын жаңарып, көбейіп отырады. Бірақ ерекше және күрделі хош иістер табиғи заттардың қоспасынан жасалары белгілі. Көп жағдайда әтірдің бағасы оның құрамындағы табиғи майлардың пайыздық мөлшерлемесіне қарай да бағаланып жатады. Әтір немесе экстрат – анағұрлым қымбат нұсқа болып табылады, өйткені оның құрамында парфюмерлік қоспаның пайыздық мөлшерлемесі 20-дан асады. Парфюм иіс суы 10-12% құрайды. Иіс суда - 6-8%. Және де күші жағынан әлсіз, тез иісі кетіп қалатын хош иістер – одеколондар және денеге арналған алкогольсіз спрейлер.

Хош иістің тұрақты болуы оның түріне де байланысты болады – әдетте гүлді және цитрусты хош иістер шипрлыларға қарағанда тез тарап кетеді.

Әтірді қай жерге себу керек?
Коко Шанель кеңесіне жүгініп, «әтірді қай жеріңізді сүйгізгіңіз келеді, сол жерге жаққан» орынды. Көп жағдайда хош иіс қолдың бүгілген жеріне, білекке, тізе арасына, мойынға шашылып жатады. Киім де, атап айтқанда таза маталар мен тері иісті жақсы сақтайды. Бірақ парфюмды киімнің тігісіне қарай шашқан дұрыс. Бұрынғы кездегідей орамалдар мен қолғаптарға әтір шашу үлгісі ұмытылып барады. Бұл жақсы еді – мәселен әтір себілген жалғыз орамалдың өзі шкаф пен айналасындағы сақталып тұрған заттарға өзінің хош иісін дарытатын.

Хош иістің жарамдылық мерзімі
Хош иістің сақталуына жылу мен жарық әсер етеді. Шамадан тыс салқындық та жақсы әсер әкелмейді. Сондықтан Кеңес заманындағыдай әтіріңізді тоңазытқышта сақтаудың қажеті шамалы, қарапайым шкафта сақтаңыз. Және ол әтіріңіз ұзақ уақыт бойы тұрып қалмасын, сатып алған соң пайдалануға көшіңіз. Ашылған әтірлер екі айдан кейін иісін өзгертеді. Сол себепті хош иісті күнде пайдаланбасаңыз, үлкен құтыдағы әтір сатып алуға әуестенбеңіз.

Уақыт есептілігі
Иіс белгілі бір жағдаймен немесе белгілі бір адаммен қарым-қатынасымызды еске түсіріп жатады. Дәл сол секілді таңертең себетін әтір (жеңіл әрі еркін) немесе кешкіге арналған әтір (тәтті, ағаш сүректі), сонымен қатар жаз бен қыстың да өз иістері бар. Қыс кезінде шипрлы, шығыстық, жылылық пен жайлылық сыйлайтындай хош иістер сепкен орынды болса, ал жаз мезгілінде жеңіл, романтикалық, сергіткіш әсерлі әтірлер сепкен дұрыс.

Және де көптеген адамдар бір әтірді қыста да, жазда да себе береді. Мұндай жанға жайлы хош иісті табу – үлкен бақыт. Бұған жету үшін біз үлкен жолдардан өтеміз. Психолог мамандар әйел өміріндегі «парфюмдік» даму кезеңдерін де анықтаған болатын.
Алғашқы әтірімізді өмір бойы есте сақтап қаламыз. Өйткені бұл тәжірибелер біздің ересек болуымызға көмектесті.

Келесі «хош иіс» кезеңі ғашық болу, жыныстық ерекшеліктермен тікелей байланысты. Әтір бұл кезеңде өзгенің назарын аудару, жаңа образ жасау қабілетіне ие.

Өзіңе ең керек парфюмді анықтау жылдарға созылуы мүмкін. Стиліміз өзгереді, өмір салтымыз өзгереді, қабылдау түйсігіміз де өзгеріске ұшырайды. Нақты бір уақыттар туғанда әйел өзіне қажеттіні сезінеді. Дәл осы кезде біз «бұрыңғы» әтірлерімізге көшіп жатамыз, өйткені жаңа хош иіс бізге таңсық болмайды.

Жылдар өте келе иіс сезу түйсігі әлсірей бастайды. Сондықтан орта астағы әйелдерде жастарға қарағанда әтірдің саны көбірек болады, бұл кешірімді де. Әтір жастық сезімді еске түсіреді, сәйкесінше көңіл күй береді. Ал егер сіз көп жыл өтсе де бұрыңғыдай әтір иістерімен «ойнап» жүрсеңіз,  демек бұл сіздің иіс сезу түйсігіңізді сол қалпында сақтағаныңыз.

Өз әтіріңді қалай таңдау қажет
Әтірді таңертең ертемен таңдамаңыз – өйткені түстен кейін мұрынның иіс сезгіштігі жақсырақ болады. Тоя тамақ жеу және темекі иісі таңдауға кедергі келтірері анық, сондықтан парфюмериялық дүкенге бас сұғар алдында темекі шекпегеніңіз дұрыс.
Алақанның қарама-қарсы жақ бетіне әтірді сеуіп (қолыңыздан сабынның, басқа да әтірдің иісі шықпайтындығын тексеріп алыңыз) хош иісті сәл қашықтау жерден иіскеңіз. Бірнеше қысқа дем алып сезімді бақылау үшін «әтір» туралы бір мезгіл ұмытыңыз.
Көптеген хош иістер пирамида негізінде құрылады: хош иіс бірте бірте жеңіл ноталардан бастап ашыла түседі. Бірінші иістен бірден сынай кетпеңіз.

Бірден бірнеше әтірді иіскеп көрмеңіз – алғашқы кезде үшеуден артық болмағаны абзал.
04 сәуір 2018 ж. 2 305 0