Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әтірді мінезіне қарап сыйлаңыз

Әтірді мінезіне қарап сыйлаңыз

Психологтар әтірді адамның сырт келбетіне қарап емес, мінезіне қарап таңдауға кеңес бережі. Кімге қандай жұпар иісті әтір сай келеді?
Жеке тұлғасына қарай таңдаймыз
Психологиялық курстарға сүйенсек адамдар екі түрге бөлінеді: экстраверттер және интроверттер. Алғашқылары өмірсүйгіш, ашық әрі белсенді адамдар, ал екінші түрге тыныштықты жандары сүйетін, салмақты жандар жатады. Егер сіз интроверт болсаңыз сізге өткір иісті, шығыстың әтірлері сай келеді. Ал экстраверт болсаңыз, барынша табиғи әрі жемістердің иістері қосылған жұпар иісті әтірді сепкеніңіз жөн.
Жұлдыз жорамалына қарай
Өте қызықты тәсіл. Жұлдыз жорамалға сеніп, үнемі оқып жүретін жандарға бұл дәлме дәл келетіні сөзсіз.
Тоқты – өзіне назар аудартып жүргенді ұнатандықтан оған өткір, әрі басқаларға ұқсамайтын айрықша әтірлер ұнайды
Торпақ – шығыстың сырлы мәдениетінен хабар беретін жұпар иіс жарасымды
Егіздер- цитрус жемістерінің иісі қосылған әтірлерге құмар
Шаян- теңіз иісі аңқыған әтірлерді ұнатады
Арыстан-оларды әтірдің иісі емес, бағасы қызықтырады. Сондықтан қымбат әтірлер сыйласаңыз болады
Бикеш-гүлдің жұпар иісі аңқыған әтірлерді жаны сүйеді
Таразы- тәтті иістерге құмар, шоколадтың иісі қосылған әтірлер сыйлауға болады
Сарышаян-шығыстың иісі аңқыған өткір иістер
Мерген-сирек кездесетін әтірлерді жөн көреді
Тауешкі-өткір ащы келген иістерге құмар
Суқұйғыш-гүлдің иісі аңқып тұрса жанына жағады
Балықтар-спорттық әтірлерге құмар.

18 наурыз 2018 ж. 1 308 0