Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 наурызда сыйлауға болатын көпшілік ойына келмейтін ерекше сыйлықтар

8 наурызда сыйлауға болатын көпшілік ойына келмейтін ерекше сыйлықтар

8 наурызда сыйлық таңдау – ерлер үшін психологиялық сынақ. Көптің бірі болмай әйел затына өзгеше сыйлық жасағысы келетін ер азаматтар қатары әлі де сиреген жоқ. Сондықтан Today.kz әйелдеріне сусабын мен әтір сыйлаудан жалыққан ерлердің назарына әр әйел алғысы келетін ерекше сыйлықтар тізімін ұсынады. 

– Ас үй жабдықтары, кондитерлік бұйымдар. Әр әйелдің ішінде бір аспаз өмір сүріп жатқанына ешқашан күмәнданбаңыз. Тәтті торт пісіруге арналған қалыптар, тортты әсемдеуге арналған арнайы құралдардың өз ас үйінде болғанын әр әйел қалайды. 

- SPA-ға сертификат. Үй шаруасындағы әйел де, іскер сылқым да шаршайды. Ешбір әйел нағыз шебердің массажынан бас тарта қоймас.
– Жаттығу залына абонемент.  Егер сіздің өміріңіздегі басты әйел жас әрі салауатты өмір салтын сақтайтын болса бұл таптырмас сыйлық. 

– Торт пен түрлі тәтті пісіруді үйрететін 1-2 күндік мастер класстарға жолдама. Бұдан бұрын айтып өткеніміздей, тамақ пен тәтті дайындауды қаламайтын әйел әлемде өте сирек кездеседі. Әрі қазір әйелдердің шеберлік сағаттарына деген қызығушылығы жоғары. Есесіне, бұның қызығын тұтас отбасыңыз көреді. Кешкі астың көркін күнсайын түрлі тәтті келтірсе керемет емес пе?
– Косметикалық дүкенге белгілі бір сомманың сертификаты. 8 наурызда сыйлықты ақшалай беру ерсі көрінеді. Әрі бұл әйеліңізге дұрыс көңіл бөлмейтініңізді байқатады. Одан да нақты бір соммаға косметика дүкеніне "жолдама" беріңіз. 

– 8 наурызда әр азамат әйелдер қауымына гүл сыйлайды. Алайда азамат та, әйел де жыл сайынғы қызыл раушан мен ақ қызғалдақтан жауыр болады. Жаңа мерекеде өзгеше гүл шоғын алғысы келеді. Гүлдің өзін өзгеше етіп сыйлағысы келетіндер үшін қазір жеміс-жидек, жаңғақ, шоколадтан жасалған "гүл шоғы" бар. 

Today.kz осыған дейін қазақ эстрадасындағы жұлдыздар әйелдеріне қандай сыйлық жасайтынын анықтаған еді. Сіз бүгінгі мерекеге қандай сыйлық дайындадыңыз?
08 наурыз 2018 ж. 3 065 0