Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРУЛАРҒА ГҮЛ СЫЙЛА

АРУЛАРҒА ГҮЛ СЫЙЛА

Соңғы кездері адамдардың гүлге, бөлме өсімдіктеріне деген қызығушылығы ерекше артып келеді. Бұл «гүлдер әлемі» дүкенінің иесі Алмагүль Зейлтаеваның пікірі. Аудан газбен қамтыла бастаған шақта тұрғындар бөлме ауасын қалыпты ұстау мақсатында, гүл өсіруді жақсы қолға алған. Сондай –ақ, аула ішінде жеміс-жейдек, көшет ағаштар отырғызу да   жақсы етек алып келеді.
Жеке кәсіпкер Алмагүль Зейлтаева 2000 жылдан бастап гүл сату ісімен айналысып келе жатыр. Шағын кәсіптен басталған шаруасы бүгінде айтарлықтай деңгейге жетті. Оның   дүкенінен бөлме гүлдерінің 40-қа жуық түрін кездестіруге болады.  
 –Қазіргі таңда адамдардың гүлге деген сенімі ерекше артқан. Әсіресе, жұмысбасты әйел адамдар өздерін сергіту мақсатында бөлме гүлдерін өсіруді сүйікті ісіне айналдырып отыр. Соның ішінде әйел бақыты, ақша гүлі, фикус, емдік қасиеті бар каленхоэ гүлдері айрықша сұранысқа ие. Соңғы кездері намазға бет бұрған жандар «намаз гүлі» деп аталатын гүлді көптеп алуда. Бұл гүлдің ерекше қасиеті таң намазы уақытында бүршік атып гүлдей бастайды, –дейді Алмагүл.
Оның айтуынша, соңғы кездері әйел адамдар ғана емес ерлердің де гүл өсіруге деген қызығушылықтары артқан көріненді. Мұндай құлшыныс мереке күндері ереше байқалады. 8 наурыз жақындағанан бастап ер азаматтар өздерініңсүйіктілеріне, аналары мен жарларына, апа-қарындастарына бөлме гүлдері мен құшақ толтыратын шоқ гүлдерді таптырмас сыйлық ретінде таңдайды екен. Гүлдердің бағалары да қалтаға қонымды. Бөлме гүлдері 700 теңгеден бастап, талғамыңызға қарай 10 мың теңгеге дейін жалғасса, букет гүлдер 2500 теңге мен 5000 теңге аралығы.
Сіз өзіңіздің жақын жуығыңызға не сыйлық алам? –деп жүрсеңіз онда көп ойланбай бөлме гүлін сыйлаңыз. Себебі, бөлме өсімдігі өзінің сан түрлілігімен көңіл баурайтын  ерекше сыйлық. Адам жанын жадыратып, сергектік пен сенім ұялатады және өмірге деген құштарлығын арттыра түседі. Бұл – ғалымдар тұжырымы.

Назерке МАРАТҚЫЗЫ
06 наурыз 2018 ж. 3 621 0