Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірге диета ұстаған ерлі-зайыптылар ажырасып тынды

Бірге диета ұстаған ерлі-зайыптылар ажырасып тынды

Бірге диета ұстаған ерлі-зайыптылар ажырасып тынды. Диета күйеуіне әсер еткенімен, әйелдің арықтауына көмектеспеген. Әйел салмақ тастаған күйеуін көре алмай, ажырасуға арыз берген.


Бұл туралы The Mirror жазды.
Екеуінің де салмағы 136 келіге жетіп, бірге жүруден қалған. Сондықтан олар дұрыс тамақтануды қолға алған.
«Біз демалыста ешқайда бара алмаймыз. Бір жаққа шыққанның өзінде қозғала алмаймыз», – дейді ер адам.
Оның айтуынша, үйде тамақ әзірлемей, күніне 3 реттен тапсырыс беріп отырды. Олардың жыныстық қатынасқа түсуінің өзі де қиындаған, кейін мүлде қатынасқа түсуден қалған.
Ер адам өз өмірін кішкентай әрекеттерден бастағанын айтты. Ол телефонына салмақ өлшейтін бағдарлама жазып алып, көп жүруді әдетке айналдырған.
Сол уақытта әйелі апат бойы жаттығу залына баруды қойды.
«Бір айда 4,5 келі тастадым. 4 айдан кейін еңбегім нәтиже берді. Сол кезден бастап әйелім мені жауындай көре бастады», -дейді ол.
Әйелі қорылдауды желеу етіп, күйеуімен бірге жатудан бас тартқан. Олар бір-бірімен хабарлама арқылы сөйлескен.
Тіпті, әйел желідегі парақшасында махаббат және дене бітім туралы жазбалар шығара бастаған. Оның ұраны «Денеңді емес, өз әлеміңіді өзгерт» дегенге айналған.
Нәтижесінде ол күйеуіне ұнатпайтынын айтқан хабарлама жіберіп, 12 жылдық некеден кейін ажырасуға арыз берді.
Ер адам желі қолданушыларынан әйелін қайтрудың жолын сұраған. Бірақ олар бұлай жасап керегі жоқ екенін жазған.
Stan.kz
02 наурыз 2018 ж. 2 626 0