Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балалардың перзентханада ауысып кеткені 40 жылдан кейін анықталды

Балалардың перзентханада ауысып кеткені 40 жылдан кейін анықталды

40 жыл бұрын жаңа туған қыздар перзентханада ауысып кеткен – дәрігерлердің бұл қателігінен екі отбасының бірінің шырқы бұзылған.
АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Ресейдің Пермь өлкесінде екі әйел 40 жыл бұрын перзентханада балалары ауысып кеткенін мәлімдеді. Олар енді мемлекеттік органдар мен жергілікті ауруханамен соттаспақ.  
Зардап шегушілердің адвокаты Игорь Саввиннің айтуынша, 1978 жылы 7 наурызда Пермь өлкесінің Пожвинский учаскелік ауруханасында екі қыз дүниеге келген. Жас аналарды үйге шығарарда акушерлер нәрестелерді байқамай ауыстырып жіберген. Осылайша Римма Швецова мен Юлия Савельеваға туған қыздарын бермеген.
"Бұған қалай жол берілгенін, кім кінәлі екенін бүгінде анықтау мүмкін емес, алайда моральдық өтемақы өндіріп алуға болады. Қазір біз зардап шегушілермен бірге сотқа талап арыз беруге дайынбыз", — деді Саввин РИА Новостиге берген сұхбатында. Римма Швецова бөтен адамның баласын тәрбиелеп жатқанын іштей сезген, алайда сенімді болмаған. Верониканың түр-әлпеті ата-анасына ұқсамауы ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болған.    
Савельевтер отбасында, керісінше, ерлі-зайыптылар қыздарының сырт келбетіне назар аудармаған. Татьянаның басқа біреудің қызы екенін Римма Швецовадан біледі.  
Швецова шындықты іздеп "Пусть говорят" бағдарламасына барған. Бағдарлама барысында ДНҚ-тестер Татьяна Савельеваның  Швецовтармен, ал Вероника Швецованың Савельевтармен туыстығы бары белгілі болды. Зерттеу нәтижесі екі отбасыны да есеңгіретіп тастады.
   

 sputniknews.kz
28 ақпан 2018 ж. 1 905 0