Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті

50-ден астам адам ұннан уланып, ауруханаға түсті

Науқастар ұн құрамындағы улы өсімдік гелиотроптан зардап шеккен
АСТАНА, 23 ақпан — Sputnik. Тәжікстанда улы ұннан жасалған тандыр нан жеген 50-ден астам адам ауруханаға түсті.
Таулы-Бадахшан автономды облысы Ишкашим ауданында он алты бала мен 38 ересек адам зардап шеккен, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан.
"Бәрі де дәрігерлердің ерекше бақылауына алынған. Жағдайлары жақсарған соң, ауруханадан шығарылады", — деп атап өтті Тәжікстанның денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Тәжіктерде бастапқы ауру нышандары 17 қаңтарда байқалыпты. Сөйтсе, дертке шалдыққандардың бәрі құрамында улы өсімдік – гелиотроп бар ұннан жасалған тандыр нан жеген екен.

sputniknews.kz
23 ақпан 2018 ж. 1 642 0