Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар арзан пойыз билеттерін қайтарғаны үшін айыппұл төлемейтін болды

Қазақстандықтар арзан пойыз билеттерін қайтарғаны үшін айыппұл төлемейтін болды

Қазақстанда құны 3 500 теңгеге дейінгі пойыз билеті қайтарылғаны үшін айыппұл салынбайтын болады. Мұндай өзгеріс 15 қаңтардан бастап енгізіледі. 

Бұған дейін қазақстандықтар құны 3 500 теңгеге дейінгі пойыз билетін қайтарғаны үшін мың теңге көлемінде айыппұл төлеп келген еді. Ендігі билеттердің категориясын құнына байланысты белгілеу үшін бұл ережеден бас тартылды.
Жолаушылар 3 500 теңгеден қымбатқа сатып алған билеттерді қайтарған жағдайда төлейтін комиссиялық төлем мөлшері бұрынғыша қалады. Компаниядағылардың мәліметінше, мұндай шара билеттердің заңсыз сатылымына жол бермеу үшін қажет.

Источник: Stan.kz
15 қаңтар 2019 ж. 1 092 0