Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шайдың пайдасы бар ма?

Шайдың пайдасы бар ма?

sputniknews.kz Зерттеу жұмысына жүз мыңнан аса адам қатысқан, қытайлық ғалымдар пациенттерді жеті жыл бойы бақылаған. Шайды күнде ішу атеросклероз бен жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. Сондай-ақ өмір сүру ұзақтығын арттырады.
Бұл туралы Қытай ғалымдарының зерттеуінде айтылған, деп хабарлайды iz.ru.
Зерттеу 1998 жылы басталған China-PAR (Prediction for atherosclerotic cardiovascular disease risk in China) жобасы аясында жүргізілді. Оның негізгі мақсаты – жүрек-қан тамырлары ауруларының даму тәуекелдерін зерделеу.
Мамандар халық арасында шайға қатысты сауалнама жүргізді. Сондай-ақ пациенттердің ауру тарихы мен өлімі туралы куәліктерін зерттеді.
Зерттеу жұмысына барлығы 100 мыңнан астам адам қатысты. Ғалымдар пациенттерді 7,3 жыл бойы бақылаған.
Нәтижесінде шайды жақсы көретіндер, бұл сусынды мүлде ішпегендерге қарағанда, атеросклероз және жүрек-қан тамырлары ауруларына орташа есеппен 1,41 жылға кеш шалдыққаны анықталды.
Бұдан бөлек, шайды үнемі ішкен 50 жастан асқан адамдар, сирек ішкендермен салыстырғанда, орта есеппен 1,26 жылға ұзақ өмір сүрген.


23 ақпан 2020 ж. 778 0