Ғалымдар тәулігіне 6 сағаттан аз ұйықтаса не болатынын анықтады

Сарапшылардың пікірінше, егер адам темекі шекпесе, дене жаттығуларымен айналысса және жүрек-қан тамырлары ауруларына генетикалық бейімділігі болмаса да, аз немесе шамадан тыс көп ұйықтау жүрек талмасының пайда болу қаупін арттырады.
Зерттеу көрсеткендей, жүрек талмасының генетикалық тәуекелі жоғары адамдар үшін тәулігіне 6-9 сағат ұйықтау жүрек ұстамасын болдырмауға көмектеседі.
Ғалымдар жеті жыл бойы 40-тан 69 жасқа дейінгі 461 мың қатысушының генетикалық ақпаратын, ұйқы режимі мен медициналық көрсеткіштерін талдаған."Сау жүрек жайлы айтар болсақ, ұйқының ұзақтығы шешуші фактор атқарады, оған осы зерттеу дәлел бола алады", - дейді зерттеу авторларының бірі, интегративті физиология кафедрасының доценті Селин Веттер.
Нәтижелер тәулігіне алты сағаттан аз ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 20%-ке жоғары екенін көрсетті. Ал тоғыз сағаттан көп ұйықтайтын адамдардың жүрек талмасына ұшырау ықтималдығы 34% -ке көп болған.
Сонымен бірге зерттеуде жүрек ауруына бейім келетін адамдар күніне алтыдан тоғыз сағатқа дейін ұйықтаса, жүрек талмасы қаупін азайтуы мүмкін екендігі аталып өткен.
sputniknews.kz