Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гонконг ғалымдары қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды

Гонконг ғалымдары қауіпті коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды

Гонконг ғалымдары өлімге әкеп соғатын коронавирусқа қарсы вакцина дайындап шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
South China Morning Post жергілікті басылымы аталған ақпаратты инфекциялық аурулар жөніндегі маман, профессор Юэн Квок-Юнг таратқанын мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазір вакцина бар. Алайда, жануарларға тиісті тестілерді өткізу үшін көп уақыт керек. Атап айтқанда, бірнеше ай кетуі мүмкін.
Вакцинаны дайындау жұмыстарына америкалық ғалымдар мен ҚХР құрлықтың бөлімінің зерттеушілері қатысқан.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың патогендік микроорганизмдерді сақтау ұлттық ұйымы коронавирустың электронды микроскоп көмегімен жасалған алғашқы суретін жариялады.
Суреттің аурудың алдын-алу және және бақылау шаралар аясында жасалғаны хабарланды. Сонымен қатар ол бірден барлық БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кеткен.
Еске сала кетейік, күні кеше алматылық маман коронавирустың жаңа кімдер тез жұқтыруы мүмкін екенін, сондай-ақ, оның алдын-алу жолдарын айтқан болатын.
Сонымен қатар еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин де ҚРХ аумағында тараған коронавирустың жаңа түрінен қалай қорғануға болатынын айтып берген еді.
29 қаңтар 2020 ж. 986 0