Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Канада ғалымдары жасанды ұйқы безін ойлап тапты

Канада ғалымдары жасанды ұйқы безін ойлап тапты

massaget.kz Канаданың Монреал қаласындағы Макгилла университетінің ғалымдары 1-типтегі диабет дертіне шалдыққандарға көмектесетін, ұйқ безінің қызметін реттеуге мүмкіндік беретін жаңа жасанды ұйқы безін жасап шығарды. Ғылыми жаңалықты Diabetes Care журналы таныстырды.
Жасанды ұйқы безі деп отырғанымыз – жасанды инсулин сорғы (помпа). Оның жасалғанына 30 жылдай уақыт болған. Мұндай портативті құрылғыны диабетпен ауыратын адамдар қолданады, ағзаға жетпей жатқан инсулинді қанға жіберуге көмектеседі. Кейбір науқастар қандағы глюкозаны автоматты түрде реттеп отыратын датчик ұстап жүреді. Бірақ мұның өзі кей науқастарға көмектесе алмай жатыр. Көбі гипергликемияға түсіп кетеді. Яғни, басы ауырып, мең-зең болып жүреді. Басы айналып, әлсіреп кетеді. Тілі шайналып қалуы да мүмкін кейбірінің.
Ал науқастарды мұндай дерттен құтқарудың жолын іздеген канада ғалымдары глюкоза мөлшерін реттеп отыратын арнайы «ақылды» инсулин сорғы ойлап тапқан. Макгелла университетінің ғалымдары глюкоза мөлшерін хабарлап отыратын арнайы датчик пен оған қажетті инсулин горманын жіберіп отыратын құрылғыны қосып бір аппарат жасап шыққан.
- Жасанды ұйқы безін ойлап табуға датчиктің өзі көмектесті. Қазір бұл "ақылды" құрылғыны жасаумен университеттің 12 штаттық қызметкері мен 45 маман айналысып жатыр. Арнайы зертхана құрылды. Бұл – жасанды ұйқы безін жасап жатқан жалғыз команда, - дейді зерттеу тобының басшысы Ахмад Хайдар (Ahmad Haidar).
Ғалымдар енді бұл құрылғымен прамлинтида горманын да қанға жіберуді ойлап отыр. Диабетке шалдыққандарға инсулинмен бірге прамлинтида горманы қажет.
- Зерттеудің қорытындысына таңқалдым. Тәжірибе мұндай сәтті болады деп мүлдем ойламаппын, - дейді ғалым.
Егер аталмыш құрылғы толық жасалып бітсе әрі өндіріске енгізілсе, медицина үшін нағыз жаңалық болмақ. Өйткені бұл аппарат инсулинді қолмен егу сынды басқа да қолды қажет ететін әрекеттердің барлығынан ада етпек. Толық жасанды ағза жасап шығуға мүмкіндік береді. 
02 наурыз 2020 ж. 891 0