АҚШ-тың бас хирургі: Бетперде коронавирустан қорғамайды

Бұл туралы дәрігер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Бетперде сатып алуды қою керек! Олар коронавирус жұқтырған адамдардан қорғай алмайды", - деп жазды Джером Адамс.
Оның айтуынша, бетперде медициналық қызметкерлердің өзін және өзгелерді жұқтырмауы үшін керек.
"Вирустан қорғанудың басты жолы - күнделікті гигиена сақтау", - деді ол.
Бұған дейін коронавирустың күтпеген жерден оң әсері байқалғаны туралы айтылды.