Иран 57 мың сотталушыны босатпақ

Басылымның мәліметінше, биліктегілер сотталушылар коронавирус жұқтыруы мүмкін деп қауіптенеді. Соттағылар коронавирус анықталмаған сотталушыларды уақытша босату туралы шешім шығарған. Бірақ сотталушылардың кепіл қалдыруы керек екені айтылады.
Иран коронавирустан қайтыс болғандар бойынша 2-орында тұр.
"Сотталушылардың денсаулығы олардың статусына қарамастан, біз үшін өте маңызды", - деді Иранның сот жүйесінің баспасөз хатшысы Голамхоссейна Эсмаили.
Ауыр қылмыс жасағандардың және бес жылдан аса уақыт жазасын өтеп жатқандардың босатылмайтыны айтылады.