Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Иран АҚШ-тың әскери базасына қарсы екінші шабуыл толқынын бастады

Иран АҚШ-тың әскери базасына қарсы екінші шабуыл толқынын бастады

Иран америкалық Эйн-әл-Асад әскери базасына қарсы екінші шабуыл толқыны басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Иранның ислам революциясының қорғаушы корпусы (КСИР) Таяу Шығыс аумағынан АҚШ әскерлерінің шығарылуын талап еткен. 
"Эйн-әл-Асад-қарсы ирандық зымырандардың екінші шабуыл толқыны басталды", - деп мәлімдеді Tasnim агенттігі. 
Сөздерінше, Иран басшылығы адам өлімінің көбеюіне әсер еткісі келмейді екен. 
Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп осы жағдайға байланысты Ақ үйде шұғыл кеңес өткізіпті. Мемлекет басшысымен пікірлесуге Пентагонның басшысы Марк Эспер және мемлекеттік хатшы Майк Помпео келген. Осыған сәйкес Трамп Ақ үй тарапынан үндеу жариялауға дайындалып жатқандығы айтылыпты.
Бұған дейін АҚШ-тың әскери базасы шабуылға ұшырағаны айтылған еді. Иран тарапынан атылған 15 зымыранның 11-і нысанаға дәл жеттіпті. 

08 қаңтар 2020 ж. 784 0