Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дональд Трамп АҚШ-тағы операцияның кезінде бен Ладеннің ұлы қаза тапқанын мәлімдеді

Дональд Трамп АҚШ-тағы операцияның кезінде бен Ладеннің ұлы қаза тапқанын мәлімдеді

Президент Дональд Трамп "Аль-Каиданың" негізін қалаған Усама бен Ладеннің ұлы әрі мұрагері Хамза бен Ладеннің АҚШ-тағы операцияның кезінде қайтыс болғанын растады. Операцияның уақыты мен күні нақты айтылған жоқ. Хамзе бин Ладен жайлы ақпаратты айтқан адамға АҚШ-та 1 млн доллар сыйақы берілуі керек еді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Хамза бен Ладен "Аль-Каиданың" жоғары дәрежелі мүшесі әрі Усама бин Ладеннің ұлы АҚШ-тағы ауған-пәкістандық өңірде контртеррористік операцияның кезінде қаза тапты", — деп жазылған Трамптың Ақ үй ішінде тараған хабарламасында. 
"Хамза бен Ладеннің қазасы "Аль-Каида" үшін көшбасшылық қасиеті бар тұлғаны жоғалтумен шектелмейді, әкесі арасындағы байланысты үзіп қана қоймай, бұл топтың жедел қызметін бұзады", — деп жазылған хабарламада. Президенттің хабарламасында операцияның уақыты, қай жерде өткені айтылмаған. 
Жазда америкалық БАҚ барлаудағы дереккөзге сілтеме жасап, бен Ладеннің ұлы авиасоққының кезінде қаза тапқанын жазды. 
БАҚ-тың мәліметі бойынша, оның әкесі Усама бен Ладен 2011 жылдың мамырында "теңіз мысықтары" атты америкалық арнайы операцияның кезінде қаза тапты. Бұл операцияны АҚШ президенті болған Барак Обама санкциялаған. 
Қорғаныс министрі Марк Эспер Хамза бин Ладеннің осы жылы, тамыз айының соңында қайтыс болғанын растады. Бірақ бұл туралы президент Трамп та, оның әкімшілігіндегі жоғары дәрежелі шенеуніктерде осы жағдай туралы сөз қозғамады.
2015 жылы Хамза бен Ладен 2015 жылы "дұрыс жолда жүрмегендермен қасиетті соғысты" әрі қарай жалғастыру керектігін алға тартып, АҚШ және басқа мемлекеттердің аумағында шабуыл жасау керектігін үндеп, видеожолдау түсірді. Шамамен ол кезде Хамза бен Ладен 30 жаста. 
Биыл ақпан айында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті оның тұрып жатқан жерін айтып беретін адамға 1 млн доллар көлемінде сыйақы берілетінін мәлімдеді. 
АҚШ-қа 2001 жылдың 11 қыркүйегінде шабуыл жасаған "Аль-Каида" атты исламдық террористік жүйе сонымен қатар америкалық кемелерді жарған, Еуропа, Ирак, Египетте және әлемднің түкпір-түкпірінде  терракт жасаған.

https://stan.kz/donald-tramp-aksh-tagi-operaciyanin-kezinde-bin-ladennin-yli-kaza-tapkanin-malimdedi-321943/  

15 қыркүйек 2019 ж. 658 0