Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ УСАМА БЕН ЛАДЕННІҢ ҰЛЫ ҚАЙДА ЕКЕНІН ХАБАРЛАҒАН АДАМҒА 1 МЛН ДОЛЛАР УӘДЕ ЕТТІ

АҚШ УСАМА БЕН ЛАДЕННІҢ ҰЛЫ ҚАЙДА ЕКЕНІН ХАБАРЛАҒАН АДАМҒА 1 МЛН ДОЛЛАР УӘДЕ ЕТТІ

АҚШ билігі «Әл-Қаида» лаңкестік ұйымы басшыларының бірі саналатын Хамза бен Ладеннің қайда екенін хабарлаған адамға 1 млн доллар сыйақы беруге уәде етті.

Бұл туралы АҚШ-тың Мемлекеттік департаментінің ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
«Кем дегенде 2015 жылдың тамызынан ол интернетте өзінің ізбасарларын АҚШ және оның батыстағы одақтастарына шабуыл жасауға шақырған аудио- және видеохабарламалар таратқан», - делінген онда.
Хамза бен Ладен америкалық әскерилер өлтірген әкесінің кегін қайтарамын деп қоқан-лоққы жасаған.
turkystan.kz
01 наурыз 2019 ж. 932 0