Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

Дональд Трамп Ақ үйде ауызашар берді

АҚШ президенті Дональд Трамп 13 мамырда Ақ үйде ауызашар берді. 13 мамыр күні Дональд Трамп Ақ үйде мұслман қауымға ауызашар жасады. "Рамазан - бұл АҚШ мұсылмандары мен әлем мұсылмандары үшін қасиетті ай", - деді АҚШ президенті ауызашар кезінде. 
Трамп екінші жыл қатарынан Ақ үйде ауызашар жасап отыр. АҚШ-тың Трампқа дейінгі үш президенті де жыл сайын Рамазан айында Ақ үйде ауызашар жасауды дәстүрге айналдырған. Дональд Трамп осы дәстүрді бұзып, 2017 жылы ауызашар жасамағаны үшін сынға ілікті. 
АҚШ-та 3,5 млн мұсылман бар. Ислам діні бұл елде кең таралып жатыр. 2050 жылы АҚШ-та ислам дінін қабылдағандар саны 8,1 млн адамға жетеді деп болжанды.

http://stan.kz  

14 мамыр 2019 ж. 955 0