Ким мен Трамп келісімге келе алды ма?
Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын кездесуі келісімсіз аяқталды. Тараптар Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша келісімге қол жеткізе алмаған. Бірақ "Вашингтон мен Пхеньян арасындағы келіссөздер болашақта жалғасады" деп хабарлады Ақ үй."Қазір ешқандай келісім жасалған жоқ, бірақ тараптар алдағы уақытта мәселені талқылауға әзір" деп хабарлады Ақ үйдің баспасөз хатшысы Сара Сандерс ақпанның 28-і күні түстен кейін. Сандерстің сипаттауынша, Трамп пен Ким арасындағы кездесу "өте жақсы әрі конструктивті" өткен.
Екі ел басшылары саммит өткен қонақ үйінен жеке көліктерімен жоспарланған уақыттан ертерек кеткен. Ал алдын ала жоспарланған ортақ келісімге қол қою рәсімі болмайды деп хабарланды.
Саммиттің екінші күні түске дейін АҚШ президент Дональд Трамп ядролық қарусыздандыру мәселесі бойынша келісімге қол жеткізуде асығыстық жасамайтынын жеткізген еді.
“Әу бастан-ақ маған жылдамдық маңызды емес деп айтқанмын. [Солтүстік Кореяның] Ядролық қару мен зымырандарды сынақтан өткізбеуін жоғары бағалаймын” деп айтқан.
Трамппен кездесу барысында Ким алғаш рет шетел журналисінің сұрағына жауап берген. "Келісімнің болатынына сенімдісіз бе?" деген Washington Post тілшісінің сұрағына Солтүстік Корея басшысы:
"Бір нәрсе айтуға әлі ертерек, бірақ пессимистпін деп айта алмаймын. Жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген ойдамын. Біз көп күш салдық, нәтижесін көрсететін мезгіл жетті" деген.
Бұған дейін ақпарат құралдары саммит соңынан Трамп пен Кимнің келісімге қол қоятынын, тараптардың оптимистік көзқарас танытып отырғанын жазған. Бірақ қол қою рәсіміне аз уақыт қалғанда рәсімнің болмайтыны айтылды.
Reuters хабарлауынша, Трамп пен Ким келіссөз барысында өзара ядролық қарусыздану шаралары атап айтқанда, Солтүстік Кореяның Йонбендегі ядролық реактордың жойылуын бақылауға рұқсат беру сияқты мәселені талқылаған. Екі ел басшылары 1950-53 жылғы Корея соғысының аяқталуына байланысты саяси мәлімдеме жасау мүмкіндігін де қарастырған.
"Америка дауысы" сайтының хабарлауынша, Ханойдағы "Метрополь" қонақ үйінде бүгін сессия басталмас бұрын екі ел басшылары жеке сөйлескен. Журналистер Ким Чен Ынның Трампты келіссөз жүргізу үшін алғашқы қадам жасап, "батырлық танытқаны үшін" мақтағанын естіген. Саммиттің екінші күні Дональд Трамп "Біз жетістікке қол жеткіздік және ең бастысы қарым-қатынасымыз жақсы" деп Киммен "жылы қарым-қатынасын" атап өткен.
Солтүстік Корея 2017 жылдың соңынан бері құрлықаралық баллистикалық зымырандарына сынақ жасамаған. Трамп бұл жолы да "егер келісім жасалса" Солтүстік Кореяның қуатты елге айналу мүмкіндігі барын қайталаған.
АҚШ-Солтүстік Корея саммиті Вьетнам астанасы Ханойда ақпанның 27-сі күні басталған. Бұл күні екі ел басшылары журналистер алдында қысқа кездесу өткізіп, соңынан кешкі ас ішкен. Келіссөздің негізгі бөлігі 28 ақпанда өткен.
Өткен жылғы Сингапурдағы алғашқы саммитте Трамп пен Ким Корей түбегін ядролық қарудан толық арылту жөнінде бірлескен декларацияға қол қойған. Алайда кейінірек ақпарат құралдары Солтүстік Кореяның ядролық қаруын қайта күшейтіп жатқанын жазған. Reuters агенттігі тараптар оптимизміне қарамастан ядролық қарусыздану мәселесі бойынша сегіз ай ішінде ілгерілеушілік байқалмағанын жазды.
www.azattyq.Екі ел басшылары саммит өткен қонақ үйінен жеке көліктерімен жоспарланған уақыттан ертерек кеткен. Ал алдын ала жоспарланған ортақ келісімге қол қою рәсімі болмайды деп хабарланды.